Жаңалықтар

Турфирма директоры алматылықтарға жалған жолдама сатқан

Турфирма директоры алматылықтарға жалған жолдама сатқан
Алматы полицейлері алаяқтықтың бетін ашты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Шаһардың кем дегенде 20 тұрғыны демалыссыз қалды: олар турларының ақысын алдын ала төлеп қойған, бірақ тур болмаған.
"Алданған азаматтар полицияға жүгінді. Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері туристік фирманың 26 ​​жастағы директорын ұстады", - делінген хабарламада.
Алдаудың барлық эпизоды бір іске біріктірілген. Бірнеше рет алаяқтық жасағаны бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
"Полицейлер күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккендерді Алмалы аудандық ПБ-ға жүгінуге немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-707-306-06-04; 8-702-066-50-73; 254-46-12".
Барлық жаңалық