🌐 Әлем

Трамп Украинадағы соғысты тоқтатуға ниетті, бірақ шыдамы таусылуда – Рубио

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Fox News арнасына берген сұхбатында президент Дональд Трамптың Украинадағы соғысты тоқтатуға әлі де ниетті екенін, алайда Мәскеумен келіссөздердің нәтижесіздігіне байланысты оның шыдамы таусылып бара жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Рубионың айтуынша, Трамп Ресеймен байланыстарының нәтиже бермей жатқанына көңілі толмай отыр.

 

- Трамптың басты мақсаты – бейбітшілікке қол жеткізу. Ол соғысты тоқтатуға, алдын алуға ниетті. Бұл соғыс оның бастамасы емес. Егер ол билікте болғанда, мұндай жағдай мүлде болмас еді. Бірақ қазір ол осы қақтығысты мұра етіп алып, оны тоқтатуға бар күшін салып жатыр, - деді Рубио.

 

- Путинмен тұрақты байланыс орнағанына қарамастан, нақты нәтижелердің болмауы президентті алаңдатып отыр. Ол әрекетке көшетін кез келгенін жеткізді. Трамп Ресей тарапынан нақты қадамдар күтуде және оған уақыт созудың қажеті жоқ деп санайды, - деді ол.

 

Сондай-ақ, шілде айында Трамп Ресейге наразылығын білдіріп, егер Украинадағы атысты тоқтату келісімі жүзеге аспаса, қосымша 100 пайыздық баж салығы енгізілетінін ескерткен. Ол бұл мәселені шешуге 50 күн мерзім беріп, бейтарап позицияны ұстанатынын айтқан болатын.

Барлық жаңалық