Бүгін танымал әнші Мәдина Ерәлиеваның туған күні, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы әншінің бауыры Сағира Ерәлиева жазды.
"Иә, Алла! Есмалайқызы Мәдина мен анасы Ыбрайқызы Дариғаның рухтарын шат-шадыман етіп, бүгін бағыштаған Құранымыздың нұрымен нұрландырып, жандарын жәннатта, топырақтарын торқа ете гөр! Бүгін 2-тамыз туған күні ұрпақтарына құт болып, алтындай болып өсіп келе жатқан немерелеріңді желеп-жебей гөр! Иә, Аллам! Бүгін Мәдинашыңа оқыған дұға тілектерімізді қабыл етіп, Арсен, Жанна, Әлішер, Ильяс, Әділ есімді ұрпақтарының өмір жастарын ұзақ, бағы жанған бақытты азаматтар ете гөр!", - деп жазды ол.
Мәдина Ерәлиева – қазақтың танымал эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Ол 1954 жылы 7 қаңтарда қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген.
Әншілік жолын 1970-жылдары бастап, «Гүлдер» ансамблінде, кейін Қазақ радиосы мен мемлекеттік концерттік ұйымдарда өнер көрсетті. «Сағындым сені», «Ақ ерке – Ақ Жайық», «Көктем вальсі», «Есіңе мені алғайсың» секілді әндері халық арасында кеңінен танылды.
Мәдина Ерәлиева нәзік те әсерлі орындау мәнерімен қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Ол көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты атанып, ұлттық өнердің дамуына елеулі үлес қосты.
Өнер иесі 2000 жылы 4 шілдеде 46 жасында жол апатынан қайтыс болды. Бүгінде Мәдина Ерәлиева қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздарының бірі ретінде ел жадында сақталып келеді.