Жаңалықтар

Tik-Tok желісіндегі танымал трендті қайталаған қазақстандықтар жазаланды

Tik-Tok желісіндегі танымал трендті қайталаған қазақстандықтар жазаланды

Абай облысында әлеуметтік желіде қаралым жинау мақсатында жол қозғалысы ережелерін бұзғандар анықталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды анықтап, олардың әрекетіне заң аясында тиісті шаралар қабылдағанын хабарлады.

️Полицейдер жол — лайк жинайтын орын емес екенін ескертеді. Әлеуметтік желідегі танымалдық үшін ереже бұзу — жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті және заңмен қатаң түрде жазаланады.

Барлық жаңалық