Жаңалықтар

"Шоу керек!": Жанқош Тұраров тосын жазба жариялады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) әлеуметтік желідегі тосын жазбасымен жанкүйерлерін таңқалдырды, деп хабарлайды ozgeris.info.
"ММА-де жекпе-жек өткізсем қалай қарайсыздар?" - деп жазды Жанқош Тұраров Instagram-дағы ресми парақшасында.
Ал осы сұраққа қатысты бірқатар жанкүйер өз ойларын ортаға салып, пікір жазып кетті. "Бозкілемде біраз жұмыс істеу керек"; "Боксты жалғастыра бер"; "Мен саған сенемін, әрқашан тек алға"; "Қызық болатын еді"; "Қолдаймыз, шоу керек"; "Бокста алар асуың көп қой", - деп жазды желі қолданушылары. Айта кетейік, 33 жастағы Жанқош Тұраров соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, жапониялық боксшы Акихиро Кондоны төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіп, IBO титулын сәтті қорғаған болатын.
Барлық жаңалық