Танымал ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов "Adal adam" Youtube арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ол бала кезіндегі қиындықтарымен бөлісті.
"98 жылы музыкалық колледжде оқып жүрген кезде шешем базарда шеміщке сатып тұратын. Содан бір күні сабақтан келдім. Далада 40 градус аяз. Шешем әлі далада сауда жасап тұр. Сосын анама: "мама, қайтсайшы үйге дедім". Анам: "Балам, қазір міне сенің барар жолыңа ақша бар, енді қайтар жолыңа ақша жасап алайын. Содан кейін қайтамын" деді. Мен сол күннен бастап өзіме уәде бердім. "Мен ешқашан анамды далада тентіретпеймін" дедім.
Сол уәдемде тұруға тырыстым. Менің ештеңеден тайсалмай еңбек етуіме осы оқиға әсер етті", - деді ол.
Оқырмандар Ринаттың бұл сөздеріне тәнті болды.
"Нағыз азаматсың, жарайсың", "Анаңызды құрметтегеніңізге қуанып қалдым", "Барлық Ана-баласы үшін бәріне дайын", "Ринаттың әрбір әңгімесі ауқымды, Жарайсыз", - деп жазды оқырмандар.