Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы сайлау учаскелерінің біріне барып, Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әлемдік аренада ел намысын қорғап жүрген спортшы Қазақстан үшін маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысып, азаматтық таңдауын жасады.
Шавкат Рахмонов – халықаралық деңгейде Қазақстанды танытып жүрген белгілі ММА шеберлерінің бірі. Оның жекпе-жектерін әлемнің түкпір-түкпіріндегі спорт жанкүйерлері жіті қадағалайды.