Түркістан облысының полицейлері бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген істі тергеуді аяқтады. Оңтүстікте ұлы қарт әкесін аяусыз ұрып, салдарынан ер адам көз жұмған. Оқиғаны көршілері видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 2025 жылғы қыркүйекте болған және қоғамда резонанс тудырды. Іс бойынша тергеу үш айдан аса уақытқа созылып, жыл соңында аяқталды.
"22 желтоқсанда айыпталушыға қатысты іс Жетісу аудандық сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды", – деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.