Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртаспен бірлескен жаңа дуэт жазуға кіріскенін жариялап, оқырмандарын қуантты, деп хабарлайды Оzgeris.infо сайты Malim.kz сайтына сілтемемен.Өнер иесі бұл жағымды жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, алдағы шығармашылық жұмысқа деген ерекше толқынысын жасырмады.
«Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға дайындалып жатырмын. Өзім де әлі сенбей жүрмін. Өмірде ана, жар, кәсіпкер рөлдерін атқардым. Енді қайтадан өнерге оралып, тыңдарманмен қауышатын уақыт келген сияқты. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін ең бағалысы. Қайрат екеуіміздің дуэтіміз қандай болатынын қалай елестетесіздер? Махаббат жайлы ма, әлде өмір туралы ма? Жүректен шыққан ән жүректеріңізге жетсін. Күтесіздер ме?» – деп жазды Мөлдір.
Желі қолданушылары жұлдыздардың бірлескен жобасын асыға күтіп, пікір қалдыруда.