Жаңалықтар

"Қылқындырып, азаптаған": “Жас Ұлан” әскери мектебінде курсанттың күш көрсеткен видеосы тарады (ВИДЕО)

"Қылқындырып, азаптаған": “Жас Ұлан” әскери мектебінде курсанттың күш көрсеткен видеосы тарады (ВИДЕО)

Желіде Семейдегі “Жас Ұлан” әскери мектебінде курсанттардың бір-біріне күш көрсеткен сәті түсіліген видео тарады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Видео Семейдегі Шоқан Уәлиханов атындағы “Жас Ұлан” мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында түсірілген. Кадрлардан жоғары сынып оқушысының басқа оқушыны қылдырып жатқанын көруге болады. Жәбірленуші қарсылық көрсетуге тырысса да, шыға алмайды.

Абай облысының білім басқармасы видеоға қатысты мәлімдеме жасады.

“Әлеуметтік желілерде тараған видеода “Жас Ұлан” мектебінің 2025 жылғы түлектері көрсетілген. Түлектің айтуынша, бұл жазба 2023 жылы жасалған. Ол оны “достар арасындағы әзіл” деп түсіндірді. Сол уақытта педагогтар бұл жағдайдан хабардар болып, балалармен түсіндіру жұмысын жүргізген. Екі түлек те лицейді 2025 жылы мамырда тәмамдаған. Қазіргі уақытта бірі Павлодарда, екіншісі – Алматыда оқиды”, – делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалық