Ақтаудың 3А шағынауданындағы №16 үйдің тұрғындары билікке жүгініп, үйлеріндегі инженерлік жүйелердің апатты жағдайға жеткенін айтып дабыл қақты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Тұрғындардың айтуынша, бірнеше ай бұрын шағынауданның тұрғын үй-коммуналдық қызметі (ЖЭК) өз міндетінен бас тартқаннан кейін, ғимараттағы коммуникациялардың жағдайы күрт нашарлаған.
«Үйдің жертөлесі сын көтермейді. Құбырлар тот басып, үгітіліп жатыр, қосылған жерлері изолента мен скотчпен оралған. Су ағызу жүйесі мүлде жоқ, құбырлар жерге түсіп, салбырап тұр. Ыстық су берілген кезде жарылу қаупі жоғары. Егер осылай жалғаса берсе, үй жылусыз қалуы мүмкін», – дейді тұрғындар.
Олардың сөзінше, коммуналдық қызметтерге төлем уақытылы жасалып отыр, алайда ақша алатын мекеме өз міндетін орындамайды.
Тұрғындар жергілікті биліктен және тиісті органдардан үйдің инженерлік жүйелерін тексеріп, кінәлілерді анықтап, жылыту маусымы басталғанға дейін жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды.