Шоу-бизнес

"Қорқынышты екен": Сәкен Майғазиевтің үйіне ұры түскені туралы хабар тарады (ВИДЕО)

"Қорқынышты екен": Сәкен Майғазиевтің үйіне ұры түскені туралы хабар тарады (ВИДЕО)

Желіде "Әнші Сәкен Майғазиевтің үйіне ұрылар түсті" деген атаумен видео тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Бұл туралы Dinara tea парақшасы жазды. 

Белгілі болғандай Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева өзінің шайын жарнамалау мақсатында осындай қадамға барған. Алайда көпшілікке жұлдызды отбасының бұл қылығы жақпай қалды. 

"Құдай сақтасын", "Осы да жарнама ма?", "Тойда жүргенде кіріп кетті ме деп шошып кетсем", "Енді шынымен түседі", "Жарнамасы қорқынышты екен", "Армандап жүр ме", "Жамандық шақырмаңдар", "Жақсы сөз - жарым ырыс", "Сауап болған", деді олар. 

Барлық жаңалық