Қоғам

ҚазҰУ студенттерінің жеке дерегі тағы таралды: Істі прокуратура тексеріп жатыр

ҚазҰУ студенттерінің жеке дерегі тағы таралды: Істі прокуратура тексеріп жатыр

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің ішімдік ішіп, темекі шеккені және түсік тастағаны туралы мәліметтері желіде тарап кетті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Тараған ақпаратта білім алушылар мен қызметкерлердің толық аты-жөні, оқитын жері, жатақханасы мен бөлме нөмірлеріне дейін нақты жазылған. Бұл жағдай студенттердің алаңдаушылығын тудырып отыр. Олар мұндай қателіктердің бүкіл елге жариялануы адамның жеке басына қол сұғу және психикасына кері әсер етеді деп есептейді.

Айта кетейік, осыдан 2 жыл бұрын аталған оқу орнында пәк қыздардың тізімі жарияланған болатын. Студенттер осындай жағдай қайталанбауы үшін кінәлілердің тиісті жазасын алғанын қалайды.

Университет басшылығы бұл құпия деректерді кім таратқанын әзірге білмейтінін жеткізді. Оқу орнының проректоры Бақытжан Омаров барлық студент пен қызметкерге жауапты екенін айтты.

«Жағдайды басқару орталығы дайындайтын құжатта әр адамның денсаулығына қатысты ақпарат жазылуы міндетті, қазір кінәлілерді анықтау үшін прокуратура тексеріп жатыр», - деді Бақытжан Омаров.

Бұл мәселе бойынша қалалық прокуратураға ресми арыз түскен. Құқық қорғау органы студенттердің жеке және медициналық деректерінің таралу фактісін тексеруді бастап кетті. Олар кінәлі адамдарды анықтап, заңға сәйкес жауапқа тартпақ.

Барлық жаңалық