Жаңалықтар

ҚазҰУ-да орын алған қайғылы жағдай: студент қыз қаза тапты

ҚазҰУ-да орын алған қайғылы жағдай: студент қыз қаза тапты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әкімшілік ғимаратында орын алған қайғылы жағдай қоғам назарын аударды. Әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге сәйкес, студент қыз жоғары қабаттан құлап кеткен деп хабарлайды ozgeris.info сайты politico.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Алынған ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растады — бойжеткен алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазір Бостандық ауданының полиция басқармасы бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастап кетті.

 

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайдың туындауына отбасындағы қиындықтар себеп болуы мүмкін. Алайда тергеудің нақты қорытындысы тиісті сараптамалар мен зерттеулер аяқталғаннан кейін жария етіледі.

 

Полиция өкілдері азаматтарды расталмаған мәліметтерді таратудан тартынып, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Барлық жаңалық