«Қазгидромет» РМК ресми сайтында 21 желтоқсанға арналған ауа сапасына қатысты ескерту жариялады деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, жексенбі күні Ақтөбе мен Астана қалаларында, ал түнгі уақытта Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Ауа райы болжамына сәйкес, Астанада 21 желтоқсанда ауыспалы бұлтты болады. Түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын байқалуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 25–27 градус аязды, күндіз 22–24 градус аязды құрайды.
Ақтөбеде де ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашынсыз. Түнгі ауа температурасы 21–23 градус аяз болса, күндіз 13–15 градус аяз болады.
Атырауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Түнде ауа температурасы 5–7 градус аязды, күндіз 0–2 градус аяз болады.
Қазгидромет тұрғындарға, әсіресе тыныс алу жолдарына сезімтал адамдарға, мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.