Келесі үлкен мереке – Республика күні. Ол жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді. 2025 жылы бұл күн сенбіге сәйкес келеді. Сондықтан заңға сәйкес мерекелік күн жұмыс күніне ауысатыны белгілі. Осыған байланысты қосымша демалыс 27 қазанда, дүйсенбіге түседі, деп жазады Ozgeris.info.
Қалай демаламыз? Егер сіздің жұмыс кестеңіз бес күндік болса, үш күн қатарынан тынығасыз: 25 қазан (сенбі), 26 қазан (жексенбі) және 27 қазан (дүйсенбі, ауыстырылған демалыс). Ал алты күндік жұмыс аптасында 25 қазан (сенбі) жұмыс күні болып қала береді, бірақ 27 қазан (дүйсенбі) – демалыс күні болады.
Еске сала кетейік, елімізде мереке күні демалысқа сәйкес келсе, ол күн келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Бұл ереже еңбек заңнамасында нақты жазылған. Сондықтан Республика күнінде қазақстандықтар қосымша демалысқа ие болады.