Қоғам

Қазақстанда түнгі уақытта 25 мыңнан астам бала ересектерсіз жүрген

Қазақстанда түнгі уақытта 25 мыңнан астам бала ересектерсіз жүрген

Ішкі істер министрлігі «Назар — балалар!» республикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды,деп  хабарлайды Ozgeris.info

Іс-шара барысында түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген 25 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала анықталды.

Министрлік ата-аналарды балаларының қайда және кіммен уақыт өткізетініне мұқият бақылау жасауға, сондай-ақ олардың эмоционалдық жағдайына назар аударуға шақырды. ІІМ ата-аналық міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарының маңындағы жол инфрақұрылымын тексерді. Тексеру нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша шамамен 3 мың нұсқама берілді.

Талаптарды орындамағаны үшін 40-тан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар полицейлер балаларды тасымалдауға пайдаланылатын көліктердің техникалық жағдайын тексерді.

 

Барлық жаңалық