Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш әскери қызметшінің бірі — Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Никита Удалов қызметін аяқтады,деп хабарлайды Ozgeris.info
24 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде ауа райының күрт нашарлауынан 17 әскери қызметші теңізге кеткен. 14 сарбаз қаза болып, үшеуі аман қалды: Никита Удалов, Бекет Қуандық және Ақжол Темірхан.
Никита қиын сәтте өздігінен бағдар алып, жағалауға жеткен. Алайда ол басынан өткерген жағдай туралы әзірге көпшілікке сұхбат беруге дайын емес. Отбасы оның жеке кеңістігін құрметтеуді сұраған.
Үш аман қалған әскери қызметші де ерлігі үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.