Қоғам

Тәрелкеге жабысып қалған: әскерилердің тамағына қатысты түсініктеме берілді

Тәрелкеге жабысып қалған: әскерилердің тамағына қатысты түсініктеме берілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы әскери жиында тамақтануға қатысты тараған видео бойынша түсініктеме берілді,деп  хабарлайды Ozgeris.info

Әлеуметтік желілерде әскери жиын кезіндегі тамақтану жағдайы бейнеленген видео тарады. Аталған оқиғаға байланысты ресми түсініктеме жарияланды.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға Солтүстік Қазақстан облысында өткен әскери міндеттілердің жиыны барысында болған. 22 қыркүйекте оқу-жаттығудың белсенді кезеңі аяқталғаннан кейін жеке құрам тамақтануға келген.

Әскери міндеттілердің басым бөлігі бекітілген уақытта тамақтанса, 1-взвод тамақтану орнына кешігіп келгендіктен, ұсынылған тағамдар салқындап қалған.

Жағдай анықталған бойда жауапты тұлғалар тарапынан нұсқау беріліп, тағамдар қайта жылытылып, әскери міндеттілерге ыстық тамақ ұсынылды.

Видео түсірген азаматтардың айтуынша, бейнежазба әзіл ретінде түсірілген. Олар тамақтану жағдайына қатысты ешқандай шағымдары мен талап-етініштері жоқ екенін айтты.

Айта кетейік, әскери жиын кезінде тамақтануды ұйымдастыру Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі тарапынан арнайы қызмет көрсететін ұйым арқылы жүзеге асырылған. Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша ешқандай шағым тіркелмеген.

Барлық жаңалық