Қоғам

Қазақтарға талай гипноз жасаған Кашпировский Мәскеуде жерленеді

Қазақтарға талай гипноз жасаған Кашпировский Мәскеуде жерленеді

Анатолий Кашпировскиймен қоштасу рәсімі 8 қазанда Троекуров зиратындағы қаралы залда өтеді. Бұл туралы оның директоры Сергей Рудых SHOT-қа хабарлады,деп  хабарлайды Ozgeris.info.

Анатолий Кашпировский бүгін таңертең сағат 06:40-та қайтыс болды. Біздің мәліметімізше, гипнозшының өлім себебі — жедел жүрек жеткіліксіздігі. Қайтыс болардан бірнеше ай бұрын ол шұғыл ота жасатқан: КСРО-ның басты сиқыршысы атанған Кашпировскийден қатерлі ісіканықталған.

Кашпировский 1980-жылдардың соңында кеңестік психотерапевт ретінде танымал болды. Ол теледидар арқылы өткізген жаппай «денсаулық сеанстарының» арқасында атаққа ие болды. Оның көрсетілімдерін миллиондаған адам теледидар алдында тамашалады: олар басты гипнозшының қашықтан емдеп, денсаулыққа оң әсер ететін нұсқаулар бере алатынына сенді.

Барлық жаңалық