Президент Қасым-Жомар Тоқаев Қорғаныс министрінің екі орынбасары мен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын лауазымынан босатты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
«Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;
Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;
Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды»,– делінген хабарламада.