Жаңалықтар

«Айнар туралы ақпарат жоқ»: Блогер теңізде нақты қанша сарбаз болғанын айтты

«Айнар туралы ақпарат жоқ»: Блогер теңізде нақты қанша сарбаз болғанын айтты

Блогер Азамат Сәрсенбаев Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғаға қатысты жазбасында әлеуметтік желіде зардап шеккендер саны туралы түрлі ақпарат тарағанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Оның сөзінше, аман қалған сарбаздардың бірі катерде 17 адам болғанын жеткізген.

«Қазір әлеуметтік желіде зардап шеккендер 19 адам болғаны айтылып жүр. Бірақ аман қалған сарбаздардың бірі маған катерде 17 адам болғанын айтты», – деп жазды блогер.

Ал Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде тараған екі мерзімді әскери қызметшінің жағдайына қатысты ақпаратты түсіндірді.

Ведомствоның мәліметінше, Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. аман, әскери қызметін жалғастырып жатыр.

Министрлік екі сарбаздың теңізге ағып кеткен топтың құрамында болмағанын, оқу-жаттығу кезінде жағада тапсырма орындағанын хабарлады. Қазір олар әскери бөлімде жүріп, қызметін күн тәртібіне сай атқарып жатыр.

 

Барлық жаңалық