Танымал әнші Роза Әлқожа өнер адамдарының әлеуметтік желіде жасанды екенін, шынайы өмірімен мүлде сай келмейтінін айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол бұл туралы «Kezdesu» бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.
“Көбісі әншілерді концерттен көп ақша табады деп ойлайды. Жалпы біз баймыз. Ақша, дүние жағынан емес. Алла тағала жұрттың бәріне ақындық, сазгерлік беріп жатқан жоқ. Сол жағынан баймыз. Әйтпесе кредиттен кредитке жүргеніңді ешкім білмейді. Мен кредитсіз өмір сүре алмаймын. Біз ашылып сұхбат бермейміз, көбіне өтірік сөйлейміз. Керемет жанұя болып көрінеміз, тек жылтыраған жағын саламыз. Жұрттың бәріне ұнағымыз келеді. Жасандылықтың бәрі қалып бара жатыр. Бұрынғыдай жасанып киінбейміз, боянбаймыз. Өйткені, адамзат жасандылықтан шаршайды. Табиғи дүниелерге қайтып келе жатырмыз. Дәм, шаттық сезінуден қалып бара жатырмыз. Барлығы да тәжірибе, табиғаттың өзі мәжбүрлегеннен кейін адамдар өзінің болмысына қайтып жатқан шығар”, — дейді әнші.