Белгілі дизайнер Назым Қарпықова желіде қызу талқыланған Садраддин Болаттың сахналық образына қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол бұл туралы «Jibek joly» арнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында айтты.
Дизайнердің айтуынша, әншінің сахналық образын дайындауға екі күн уақыт кеткен. Сондай-ақ жаңа стильдегі киім Садраддин Болаттың өзіне де, оның командасына да ұнаған.
«Біз өз тарапымыздан бірнеше түрлі эскиз көрсеттік. Бұл образ оның командасына да, өзіне де қатты ұнады. Екі күннің ішінде тігіп үлгердік. Үстіндегі корсетті мастеріміз ұйықтамастан жасап шықты. Садраддинді заманауи батыр ретінде көрсеткіміз келді. Оны жаңа стильде көру көпшілікке ұнаса, кейбіріне ұнамай жатыр. Өзіме қатты ұнады. Әрі қарай да осындай ерекше образдарды ешкімнің сөзіне қарамай жасай береміз. Өзімізге ұнаса болды деген ойдамыз. Садраддинге бәрі жарасымды болды», – деді дизайнер.