Қоғам

Димаш Құдайберген селфи түсірудің жаңа тәсілін көрсетті

Димаш Құдайберген селфи түсірудің жаңа тәсілін көрсетті

Қазақстандық танымал әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа селфи жариялап, оқырмандарын әзілге бөледі,деп  хабарлайды Ozgeris.info.

Жарияланған суретте әнші камераға төменнен қарап түскен. Ол жазбасында 32 жаста селфи түсірудің басты мақсаты әдемі ракурсты емес, кадрға жақтың міндетті түрде сыйып кетуін көрсету екенін әзілмен жеткізген.

«32 жаста селфидің міндеті басқа: тірі әрі дені сау екеніңді көрсету. Әдемі ракурс енді қажет емес. Ең бастысы — төменнен түсіру, сонда иегің кадрға кірмейді», — деп жазылған жазбада.

Пост көпшіліктің назарын аударып, аз уақыт ішінде 100 мыңнан астам лайк жинаған. Желі қолданушылары әншінің әзілқойлығына жылы пікір білдіруде.

Барлық жаңалық