Қоғам

Астанада тұрғын үй өртенді

Астанада тұрғын үй өртенді

Осы сәтте Астана қаласы Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдегі өртті елордалық ТЖМ құтқарушылары сөндіріп жатыр,деп  хабарлайды Ozgeris.info.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде бірінші қабаттағы пәтердің ішінде ашық жалын байқалып, қою түтін болған.

Өрт сөндіру оқпандары дереу беріліп, өртті толықтай сөндіру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Үй тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Оқ оқшауланып,тұрғындар жедел сатымен құтқарылды.

 

Барлық жаңалық