Англияда өткен ат жарысы кезінде қайғылы жағдай болды. Жарыстың соңғы кедергісінен өту кезінде ат омыртқасынан ауыр жарақат алған,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Алайда жарақатына қарамастан, жануар жарысты жалғастырып, мәреге бірінші болып жеткен. Жарыс аяқталғаннан кейін ат алған жарақаты салдарынан қаза тапты.
Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.