💰 Экономика

Қазақстанда доллар бағамы тағы да өсті

Қазақстанда доллар бағамы тағы да өсті

Қазақстандағы айырбастау орындарында АҚШ долларының бағамы тағы да қымбаттап жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.

 

24 шілде күні түскі сағат 12:00-дегі жағдай бойынша, Астанадағы айырбастау пункттері долларды 541-543 теңгеден сатып, 536-537 теңгеден қабылдап жатыр. Алматыда да жағдай ұқсас – сатылым бағасы 541-543 теңге, сатып алу бағасы 539-540 теңге шамасында.

 

Салыстыру үшін, 23 шілде күні елордада доллар орта есеппен 538 теңгеден сатылып, 531 теңгеден сатып алынған болатын. Ал Алматыда сол күні валюта 536 теңгеден сатылып, 533 теңгеден қабылданған еді.

 

Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша, 24 шілдеде бір доллар 538,64 теңгеге тең.

 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, теңге бағамының нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеретінін атап өтті. Ол қазіргі уақытта девальвацияға әкелетін ешбір айқын қауіп жоқ екенін айтты.

 

“Теңге бағамы тек нарықтық тетіктер арқылы қалыптасады. Ұлттық банк тарапынан ешқандай араласу жасалып жатқан жоқ. Қазіргі бағалау бойынша, валюта бағамының күрт құлдырауына негіз болатын еш себеп жоқ”, – деді премьер-министр.

Барлық жаңалық