Жаңалықтар

Қазақстанда 24 қарашада боран, көктайғақ және қатты жел күтіледі

Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде 24 қараша күні ауа райы күрт құбылып, жауын-шашын мөлшері артады. Бұл жөнінде «Қазгидромет» ұсынған жаңартылған болжамда мәлім болды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты.

 

Синоптиктердің айтуынша, аталған аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауып, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Жолдарда көктайғақ түзіліп, көріну қашықтығын төмендететін жер бораны (низовая метель) болуы мүмкін.Мамандардың сөзінше, ауа райының күрт нашарлауы қозғалысқа, әсіресе автожүргізушілерге қиындық туғызуы ықтимал. Сондықтан тұрғындарға сақтық шараларын күшейту ұсынылады.

 

Ал елдің қалған аумақтарында ауа райы салыстырмалы түрде тұрақты болады айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді, күн негізінен ашық әрі құрғақ өтеді.

 

Сонымен қатар республика бойынша кей жерлерді тұман басуы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарда жел күшейіп, оның екпіні кей өңірлерде секундына 15–20 метрге дейін жетуі ықтимал.

 

Метеорологтар тұрғындарды ауа райы туралы ескертулерді ескеріп, алыс жолға шығар алдында жағдаймен алдын ала танысуға шақырады.

Барлық жаңалық