Жаңалықтар

"Қазақстан" шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды: Қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды

"Қазақстан" шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды: Қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды
"Қазақстан" шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды. Қарағанды қаласы әкімдігі қаза тапқан кеншілердің аты-жөнін жариялады. 1. Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, 4-разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл; 2. Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл; 3. Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл; 4. Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, 5-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл; 5. Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, 3-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл. "17 тамызда Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт болып, салдарынан 5 әріптесіміздің қаза тапқанын қайғыра хабарлаймыз", - делінген "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның сайтында.
Барлық жаңалық