Қоғам

Ұлттық қордың активтері $70,6 млрд-қа дейін ұлғаяды

Ұлттық қордың активтері $70,6 млрд-қа дейін ұлғаяды

ҚР Үкіметінің отырысында премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин алдағы үш жылға арналған Ұлттық қор көрсеткіштерінің болжамын ұсынды, 

Базалық сценарийге сәйкес, Ұлттық қордың валюталық активтері 2027 жылғы $65,2 млрд-тан 2029 жылы $70,6 млрд-қа дейін өседі деп күтілуде.

Вице-премьер қорға түсетін түсімдер мен таза кірістер туралы былай деді:

«Базалық сценарий кезінде Ұлттық қорға түсетін түсімдердің жалпы көлемі 2027 жылы 5,1 трлн теңге, 2028 жылы 5,5 трлн теңге және 2029 жылы 5,7 трлн теңге деңгейінде болады деп болжанып отыр. Ұлттық қорға түсетін таза түсімдер 2027 жылы 0,5 трлн теңге, 2028 жылы 1,4 трлн теңге және 2029 жылы 2,0 трлн теңге мөлшерінде болжануда».

Бюджет ережелеріне сәйкес, республикалық бюджетке аударылатын кепілдендірілген трансферт көлемі 2027–2028 жылдары жыл сайын 2,4 трлн теңгеден бөлінсе, 2029 жылы 2 трлн теңгеге дейін азаяды.

Маңызды инфрақұрылымдық және жалпымемлекеттік жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 2027 жылы 2 трлн теңге, ал 2028–2029 жылдары жыл сайын 1,5 трлн теңгеден нысаналы трансферт тартылады.

Барлық жаңалық