Шоу-бизнес

«Қыз төркінге шай құймайды»: Алтынай Жорабаеваның құдалары сынға қалды (ВИДЕО)

«Қыз төркінге шай құймайды»: Алтынай Жорабаеваның құдалары сынға қалды (ВИДЕО)

Танымал әнші Алтынай Жорабаева қызының құдалығына барды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол өзінің келіні мен ата-анасын ертіп барған.

Немере қыздарының шай құйғанын көрген атасы мен әжесі жылап қалды.

"Жаным, әлі кішкентай ғой деп уайымдап жүрген еді ғой. Көріп, көңілдері орнына түскендей болды", - деп жазды әнші. 

Алайда оқырмандары қызының төркінге шай құйдырғаны үшін сынап тастады.

"Жаңа түскен келінді төркініне шай құйғызғаны дұрыс емес. Басқа келіндер бар ғой", "Шай құйғызып қойғаны несі төркінге", "Әдемі киіндіріп қастарына отырғызбай ма", "Тойы болмаған қызға сонша шай құйдырып", "Шай құятын басқа адам табылмады ма", "Өз жұртына шай құйғызбайды келінге", - деп жазды оқырмандар.

Барлық жаңалық