Қоғам

Семейде көпірдегі жантүршігерлік жол апатынан 1 адам мерт болды

Семейде көпірдегі жантүршігерлік жол апатынан 1 адам мерт болды

Семейдегі жаңа көпірде жол апаты болды. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Апатқа қатысты Абай облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Ведомство мәліметінше, 23 тамызда сағат 23:00 шамасында Семейдегі аспалы көпірде Mitsubishi Pajero және Lada Priora көліктері соқтығысқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Pajero жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Содан кейін көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, Lada Priora автокөлігімен соқтығысты", - деп хабарлады Абай облысы полиция департаменті.

Кадрлардан жол талғамайтын көліктің бүйіріне қарай аударылып қалғанын көруге болады.

Полиция хабарлауынша, жол апаты салдарынан Mitsubishi Pajero көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта кешенді тергеу және процессуалдық әрекеттер қолға алынған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Барлық жаңалық