Қоғам

Кадр сыртында не болғанын білмейсіздер: қалыңдық Ұзатуында асыққан күйеу жігіттің әрекетін түсіндірді (ВИДЕО)

Кадр сыртында не болғанын білмейсіздер: қалыңдық Ұзатуында асыққан күйеу жігіттің әрекетін түсіндірді (ВИДЕО)

Тойда ақ жол-жоралғысы аяқталмай жатып қалыңдығын алып кетуге асыққан күйеу жігіттің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды Ozgeris.info

Кадрларда күйеу жігіттің қалыңдығын алып кетуге асығып, ақ жол рәсімі аяқталуын күтпей алға ұмтылғаны байқалады. Видеоға қатысты пікір білдірген Аяулым есімді қыз оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Оның айтуынша, болған жағдай күйеу жігіттің қателігінен емес, оны дұрыс бағыттамағандықтан туындаған.

«Бұл күйеу жігіттің қателігі емес. Оған қалыңдықты алып кетуге болады деп дұрыс түсіндірмеген. Видеода барлығының абдырап қалғаны көрінеді. Барлығы толқып, бір сәтте не істерін білмей қалған», – деді ол.

Аяулымның сөзінше, ұзатуға қатысқан адамдар жағдайды түсініп, ешкімді кінәламаған және жанжал болмаған.

Ол әлеуметтік желі қолданушыларын видеодағы бірнеше секундқа қарап, күйеу жігіт туралы асығыс қорытынды жасамауға шақырды.

«Сіздер оның өзін де, жағдайды толық та, кадр сыртында не болғанын да білмейсіздер. Ұзатудың қалай өткенін де көрген жоқсыздар», – деп жазды ол.

Айта кетейік, аталған видео әлеуметтік желіде тарап, қолданушылар арасында түрлі пікір қалыптастырған.

 

Барлық жаңалық