Алматыда танымал әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыген мен экс-әйелі Фаризаға қатысты соңғы сот отырысы басталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Сот процесіне танымал журналист Руслан Өтепбпай да келген.
Ол Нұрсұлтан Жақсыгеннен сұхбат алып, Фаризаға жазған хабарламаларды жазған кім екенін сұраған.
Алайда әзілкеш өзінің кінәсін мойындамады.
Айтуынша, әлдекімдер жалған аккаунт ашып, атынан жазған.
"Сот сараптама жүргізіп жатыр осы іс бойынша. Аккаунтыма байланысты атымнан түрлі парақшалар ашылып, жалған хабарламалар жазған. Бодимассаж жасайды деп жазған мен емес. Әйелім мен отбасын сигандарға теңеген де мен емес. Мен тек "балаларды көрсет" деген тақырыптарда жаздым. Кез келген адам аккаунтына Нұрсұлтан Жақсыген деп жазып қоя салады. Менің өзімде тиктокта, инстаграмда 10 аккаунт бар. Менің ватсап нөміріме шабуыл жасалды. Менде бүкіл дәлелдер бар. Сот мен деп шығарса, демек әділ емес", - деді ол.