Тамара Асар күйеуімен арада болған әңгіме туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол қызы Ажарды қалай көтергенін айта кетті.
"Ажартайдың атасының өмірге келген күні екен бүгін. Жеті нан пісірдік, қол жайдық құран бағыштадық.
Ол кісілерді көрмесем де, бір тылсым күш арқылы сеземін.
“Олардан не қалды?", деп едім жолдасыма, “бір жерде әкемнің атына тоқылған кілем бар”, деп осы кілемді тауып әкелді. Қағып-қағып тазалап, қабырғаға ілдік. Көп ұзамай бойымда Ажартай бар екенін білдім… шүкір", деп жазды әнші.