Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Алдын ала мәлімет бойынша, қазір шамамен 14 жастағы қыз алты жасынан бастап бірнеше жыл бойы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қылмысқа оның әкесі қатысы бар деген күдікке ілінді.
Полиция күдіктіні шілде айының басында жұмыс орнында ұстаған. Соттың санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігімен («Кәмелетке толмаған адамды зорлау») сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, сот сараптамалары тағайындалған.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысы ведомство басшылығының бақылауында.
Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге де деректері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.