Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді, деп жазады Ozgeris.info сайты.
2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы рекордтық 48 млрд долларға жеткен. Екі мемлекет бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 100 млрд долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Еуразиялық даму банкінің мәліметінше, 2025 жылдың ортасына қарай Қытайдың Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестицияларының көлемі шамамен 11,4 млрд долларды құрады. Бұл – Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш және өңірге салынған қытай капиталының шамамен үштен біріне тең.
Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық дәлізінде де маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда Қытайдан Еуропаға бағытталған құрлықтағы жүк тасымалының 85%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді.
2025 жылы екі ел арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалы 35,6 млн тоннаға жетіп, бір жыл ішінде 11%-ға артқан.
Соңғы жеті жылда Қазақстан көлік және транзиттік инфрақұрылымды дамытуға 35 млрд доллардан астаминвестиция салды. Сонымен қатар екі ел бірлесіп өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, металлургия және ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру бағытында ондаған жобаны жүзеге асырып жатыр.