Саида Мирзиёева Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы қабылдағаны үшін риясыз ризашылығын білдірді. Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы мемлекет басшысына көрші ел көшбасшысының ізгі сәлемін жеткізуді үлкен мәртебе санайтынын айтты. Шавкат Миромонович Астанамен арадағы сан салалы байланысты тереңдетуге айрықша назар аударып отыр. Екіжақты жоғары деңгейдегі келісімдер мен ортақ жобалардың орындалуы тікелей бақылауда тұр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ташкент бауырлас Қазақстанда жүзеге асып жатқан оң өзгерістерді толықтай қолдайды. Мәртебелі меймандар еліміздің ең сенімді одақтас екенін қадап айтты. Қос мемлекет Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен орнықты даму жолында тізе қосып еңбек етуде. Бұл ынтымақтастықтың нақты жемісі қазірдің өзінде айқын байқалады. Екі мемлекет бірлескен күш-жігердің арқасында тұтас аймақтың мүддесін жаһандық аренаға жеткізе алады.
Кездесу барысында бірқатар өзекті тақырыптар қозғалды. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық серіктестікті одан әрі кеңейту жайын талқыға салды. Бұған қоса қос мемлекетте қолға алынған жүйелі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар төңірегінде мазмұнды пікір алмасу болды.