Спорт

“Қаңғыбас”: Допинг дауынан кейін Жәнібек Әлімханұлы шетелдік боксшылардың мазағына қалды

“Қаңғыбас”: Допинг дауынан кейін Жәнібек Әлімханұлы шетелдік боксшылардың мазағына қалды

 

Британ боксшысы Дензел Бентли қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына іліккені жайлы жаңалыққа өз реакциясын жасады. Бұл туралы Ozgeris.info ақпарат порталы хабарлайды.

 

Ақпарат тараған сәттен бастап Бентли Х әлеуметтік желісінде жағдайды белсенді талқылай бастады. Ол бірнеше қолданушының сыни жазбаларын бөлісіп қана қоймай, өзі де әдеттегідей өткір әрі арандатушы пікірлер қалдырған.Бір жазбасында Бентли Әлімханұлын балаларды қорқытатын «бугименге» теңеп:


«Құрып кеткір, мынау жалған бугимен допинг сынағынан өте алмай қалыпты», – деп жазған.

 

Тағы бір жазбасында британдық боксшы қазақстандық спортшыны «қаңғыбас» деп атаудан да тайынбаған.

 

Айта кетейік, 2022 жылы екі боксшы WBO әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңда кездескен еді. Сол жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы судьялардың бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен.

Барлық жаңалық