Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысу үшін «Аваза» кешеніне барды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов күтіп алды.
Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшылары бірге суретке түсті.
Еске салсақ, кеше кешке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды. Әуежайда Қазақстан Президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.