Павлодарда сауда үйлерінің бірінің екі қабатты ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру есептоптары жедел жетті.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары ғимарат ішіне кіріп, барлау жүргізу арқылы өрт ошағын анықтады. Жалын бірінші қабаттағы алты бутикті шарпыған.
Өрт сөндірушілер қою түтін жағдайында жұмыс істеп, тілсіз жаудың ғимараттың басқа бөліктеріне таралуына жол бермеді. Өрт алдымен оқшауланып, кейін толық сөндірілді.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады. Өрт белгілері байқалған жағдайда "112" нөміріне дереу хабарласу қажет.