🏛️ Саясат

Олжас Бектенов ExxonMobil Upstream компаниясының президентімен кездесті

Олжас Бектенов ExxonMobil Upstream компаниясының президентімен кездесті

Премьер-министр Олжас Бектенов ExxonMobil Upstream компаниясының президенті Дэн Амманмен кездесу өткізді. Онда ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Олжас Бектенов ExxonMobil компаниясының Қазақстандағы мұнай-газ секторы әлеуетін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті. Үкімет өзара тиімді әріптестікті нығайтуға, қолданыстағы жобаларды табысты жүзеге асыруға және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүдделі.

Дэн Амманн ExxonMobil компаниясының Қазақстандағы қызметінің келешегіне қатысты жоспарларын ұсынып, компанияның еліміздің мұнай-газ саласындағы ұзақмерзімді қатысуын сақтауға ниетті екенін растады.

Жиын барысында заманауи технологияларды енгізуге, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға және геологиялық барлау жұмыстарын дамытуға көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, Олжас Бектенов автобөлшек өндірісінің жоспарын бір айда әзірлеуді тапсырды.




Барлық жаңалық