Танымал тележүргізуші Диана Скатова мен Сұлтан Нұрбеков үйленуге ұсыныс жасалған соң 3 жыл бір-бірінен жырақта өмір сүрді. Жақында олар құдалық пен Ұзату тойларын өткізді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Сұлтан Нұрбеков екі жақта бөлек жүру өте қиын екенін айтты.
«Қыз баласына екі есе қиын деп ойлаймын. Біз көбіне жұмысты ойлаймыз. Қосылғанда, бірден сыналдық. Барлық қиындыққа шыдап осы керемет күнге жетуп отырмыз», - дейді Нұрбеков Анна Данченкоға берген сұхбатында.
Диана Скатова бұл жолды өту өте қиын болғанын айтады.
«Ұрыссаң да, еркелесең де қасыңда жоқ. Соның бәріне шыдап әдемі нүкте қойдық. Мінез осал болса, шыдамас едік»,- деді ол.