Шоу-бизнес

"Қайтыс болған соң туылды": Ләйлә Сұлтанқызы қызын көрсетті

"Қайтыс болған соң туылды": Ләйлә Сұлтанқызы қызын көрсетті

Тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Әлеуметтік парақшасында ағасының қызы Мариямның 6 жасқа толып жатқан қуанышымен бөлісіп,  сіңілісінің жақсылыққа себепші қыз екенін жазды.

«Мариям Русланқызы осы күні жарық дүние есігін ашты. Бүгін 6 жасқа толып жатыр! Ағамның соңғы аманаты, біздің жұбанышымыз. Руслан ағам қайтқан соң, 6 күннен кейін туылды. Сағынышымызды сейілтіп, көңілімізді көтеріп, күн болып келді. Алматыға барған сайын осы қызды іздеп тұратын болдық. Өз қызымдай көрдім. Асылдың сынығы, сауапқа толы істің себепшісі болды. Кішкентайынан камераға үйреттік. Өзінің атында Мариям қоры бар екенін біледі» - деп жазды өнер иесі. 

Естеріңізге сала кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы ағасының қазасынан кейін, Мариям қорын ашып, оның атын ізгі істермен байланыстыратынын айтқан. 

Сонымен қатар, өнер иесі сіңілісінің ерке екенін айтып, ізгі тілегін арнады. 

Желі қолданушылары: «Ағаңыз тамаша жан еді», «Бауырыңның балалары бауыр етің екен ғой шіркін!», «Сіздің қызыңыз секілді», «Бақытты болсын!» - деп тілектерін жаудырып жатыр. 

Барлық жаңалық