Жазушы Жәмиля Бақытиярқызы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында жаңа кітабы «Бәйшешек» туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Оzgeris.info.
Автордың айтуынша, кітап – мотивациялық self-help жанрында жазылған. Онда адамның өзіне қолдау көрсетуі, өмірді бағалауы және мотивация табуы туралы айтылады. Шығарма автордың өз өміріне негізделген: Жәмиля 10 жыл бойы неврология дертімен күресіп, жеңіске жеткен.
Кітап екі айда дайындалып, кейін 8 тілге аударылған. Сондай-ақ, екінші кітабы «Қарлығаш. Махаббат ескерткіші» таныстырылымында Дулат Исабековтің кеңесі авторға ерекше әсер еткен.
Бағдарлама барысында Жәмиля танымал әнші Нұрлан Өнербаевқа туыстығы туралы айтып өтті: ол өзінің екінші әкесі екенін, алғысөздегі ақ батаның да оған арналғанын жеткізді.
Жазушы қазіргі жастардың кітапқа қызығушылығы бар екенін, тек технология дамуы оқырман санын сәл азайтқанын атап өтті.