Қоғам

«Некесін сақтап қалды»: UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов пен жұбайы татуласты

«Некесін сақтап қалды»: UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов пен жұбайы татуласты

Заңгер Мейірман Шекеев Qazaqordasy YouTube арнасына берген сұхбатында UFC файтері Шавкат Рахмоновтың отбасылық жағдайына қатысты желіде тараған ақпараттарға түсініктеме берді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Оның айтуынша, бұған дейін Шавкат Рахмонов пен оның жұбайы Гүлайым Рахмонова ажырасу туралы сотқа ресми өтініш берген. Яғни, тараптар арасында некені бұзу процесі басталған.

“Иә, Гүлайым Рахмонова мен Шавкат Рахмонов ажырасуға арыз бергені рас. Бастапқыда олар осы процесті бастаған еді”, – деді заңгер.

Алайда кейін ерлі-зайыптылар өзара келісімге келіп, сотқа берілген өтініштерін кері қайтарып алған.

“Кейін олар татуласып, арыздарын қайтарып алды. Қазір олар заңды түрде ажыраспаған”, – деп нақтылады Мейірман Шекеев.

Осылайша, қазіргі таңда Шавкат Рахмонов пен Гүлайым Рахмонова ресми түрде некеде тұрған ерлі-зайыпты болып қала береді.

Барлық жаңалық