Сахнадан кетемін деген әнші Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі Төлепов жеке парақшасында ұлына үндеу жасап, өнерге оралуға шақырды, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Жаңалықты оқып ап, не дерімді?
Сенбесімді білмедім сенерімді.
Бірдеңені тоқтатам деп қойыпсың,
Көп жастар алар еді сенен үлгі.
Ақылыңды тоқтатсаң жарар ұлым,
Мен саған беріп келем берерімді.
Алла берген тоқтатпа өлеңіңді,
Алла берген тоқтатпа өнеріңді!!!», – делінген жазбада.
Еске салайық, бүған дейін әнші Төреғали ақылы тойға мас болып барып, елдің наласы мен табасына қалған еді. Бұған дейін де әдепсіз қылықтары арқылы кеңінен танылған әнші тіптен шегіп алып, рулге отырып, қамауға да алынған еді.