✅ Пайдалы

Мұғалімдерге қанша мыңға сыйлық алсаңыз, заңға тартыласыз?

5 қазан – Қазақстанда Мұғалімдер күні. Бұл күн жыл сайын ұстаздарға құрмет көрсету мақсатында аталып өтеді.

Әр жылы мереке қарсаңында ата-ана мен оқушылар арасында «мұғалімге қандай сыйлық жасауға болады?» деген сұрақ жиі туындайды. Көп жағдайда сыйлық ретінде гүл ұсынылады.

Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ескертуінше, егер сыйлық құны 5 айлық есептік көрсеткіштен (19 660 теңге) асып кетсе, ол заң бұзушылық болып саналады.

Агенттіктің мәліметінше: «Егер сыйлық құны 5 АЕК-тен асып, мұғалім сый жасаған адамның пайдасына әрекет етсе, мұндай жағдай Қылмыстық кодекстің 247-бабына («Заңсыз сыйақы алу») сәйкес жауапкершілікке әкеледі».

Айта кетейік, 2023 жылдан бастап Қазақстанда Мұғалімдер күні жыл сайын 5 қазанда тойланып келеді. Бұған дейін бұл мереке қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтілетін.

Барлық жаңалық