Әлеуметтік желіде танымал әнші Алтынай Жорабаева қатысқан тойлардың бірінде түсірілген видео кеңінен тарады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Видеода өнер иесі өзімен суретке түсу кезінде кейбір ер азаматтардың құшақтай беретініне қатысты пікір білдірген.
«Құшақтамай-ақ суретке түсуге болады ғой. Әр ер адам келіп құшақтай береді. Егер дәл солай сіздердің әйелдеріңізді бейтаныс еркектер құшақтаса, ұнар ма еді? Мен дұрыс айтып тұрмын ба?» дейді әнші.
Желі қолданушылары бұл видеоға қатысты түрлі пікір қалдырып, қызу талқылап жатыр.